Басты бет Не көруге боладыОсакаров ауданының туризмі

Осакаров ауданының туризмі 137344

Торапхана Бөлім атауы

Ғаламтор ресурстарына орналасатын индикаторлардың жалпы сипаттамасы

Аудан жайлы жалпы ақпарат:

Осакаров ауданы 1940 жылы құрылған. Жалпы территориялық аумағы 11,2 мың шаршы метрді құрайды (Бұл облыс аумағының 2,6 пайызы). Аудан орталығы Осакаровка елдімекенінде орналасқан. Былтырғы жылдың бірінші қаңтарындағы санақта аудан жұртшылығының саны 34,616 мың адам болып тіркелді. Ауданда 24 әкімшілік орны мен 50 ауылдық пунктер бар. Ауылшаруашылық өнімдерді өндіру бойынша облыс бойынша алдыңғы қатарда.

Аудан аумағында "Қ.Сәтпаев атындағы канал" РМК-ң Қарағанды филиалы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Борлы» көмір департаменті секілді ірі мекемелердің қосындары бар. Сондай-ақ,аудан аумағынан республикалық «Алматы-Екатеренбург», «Алматы-Омск», «Қазақстан Темір Жолы» РМК-ң темір жол желісі өтеді. Және де республикалық маңызы бар Белодымовск мемлекеттік табиғи қаумал бар. Ауданның мәдениет ошақтарына 71 стационарлық мәдениет орны, яғни, 36 мемлекеттік кітапхананы, 32 клубтық мекемелер, 2 стадион, 2 корт және парк жатқызылады. Ауданның әдеби-танымдық туризмінің дамуына өңірдегі 96 тарихи ескерткіштер оның ішінде 20-ға тарта мүсінтастар бар.

Мәдени ескерткіштер:

Сонымен қатар, ауданда 96 архелогиялық ескерткіштер бар. Олардың көбісі Батпақты, Николаевск, Қарағайлы, Тельман, Сұңқар елдімекендерінде орналасқан. Репрессияға ұшырағандар мен соғыс тұтқындарының көмілген жері Пионерск пен есіл елдімекендерінен көруге болады. Осыған орай «Саяси реперессия құрбандарына арналған ескерткіш» қойылды. Дәл осы жерге жыл сайын «Сталиндік репрессия құрбандарын» еске алу мақсатында өзге өңірлерден делегация келіп тұрады. 2012 жылдың маусымында «Осакаров ауданының тарих өлкетану мұражайы» ашылды.

Негізгі бағыттар:

Туризмнің дамуындағы негізгі бағыттары болып жағалау туризмі, спорттық (жаяу жүру) және мәдени танымдық жәдігерлер болып табылады. Жағалау туризмінің дамуын аудан аумағынағы Есіл, Нұра өзендері мен «Ертіс-Қарағанды» каналының өтуімен тікелей байланысты. «Бұйратау» ұлттық табиғи қорығының жұмыс жоспарына сәйкес келешекте бұл арада 2 туристік бағыт жолға қойылмақшы.

Туристические организации:

В поселке Осакаровка функционирует гостиничный комплекс «Караван сарай»,  «Ырыс», «Балхаш», «Мингитау» которыми было обслужено в 2011 году 6893 человека. Единовременная вместимость комплексов составляет 67 койко-мест. В районе функционируют 26 объектов общественного питания.

На территории Осакаровского района вдоль трассы «Алматы – Астана –Екатеринбург» и «Караганда – Павлодар» работают 11 объектов придорожного бизнеса: в том числе: 1 кемпинг (всего-18 койко- мест), 11 объектов по оказанию услуг общественного питания.

Туристік мекемелер мен ұйымдар:

Осакаровка елді-мекенінде 2011 жылы 6893 мейманды жайғастырған «Керуен сарай», «Ырыс», «Балқаш», «Мингитау» мейманхана кешендері бар. Яғни мұнда бір уақытта 67 адам келіп мейман бола алады. Сонымен қатар ауданда 26 қоғамдық ауқаттану орындары қызмет атқарады. «Алматы – Астана – Екатеринбург», «Қарағанды – Павлодар» тас жолдарының бойында жол бизнесінің 11 нысаны, оның ішінде (18 орындық) 1 кемпинк жұмыс жасайды. Қалған нысандар қоғамдық ауқаттану орындарына жатады.

Қажетті ақпараттар:

«Осакаров ауданының тарихи өлкетану мұражайы» КМҚК

Әуежай жоқ.
1. Теміржол вокзалы бар.
2. Автовокзал бар.
3. Такси бар
4. Телефондық анықтамалар (Осакаров автобекетінде мекен-жай үстелін құру жоспарда бар)
5. Қажетті қызметтер қамтылған.
6. Ақша айырбастау бекеттері бар.
7. Интернет орталығы бар.

Пайдалы сілтемелер:

«Осакаров ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ сайтынан алынды.