Басты бет Не көруге боладыБалқаш қаласы

Балқаш қаласы 519141

Балқаш регионының аумағы төрт әкімшілік бірліктен тұрады: Балқаш қаласы, Гүлшат ауылы, Саяқ, Қоңырат қала типті ауылы. Жалпы ауданы 3965,2 га тұрады, соның ішінде:
- Балқаш қаласы - 3107 га.
- Саяқ қта - 378 га.
- Қоңырат қта - 325 га.
- Гүлшат қта - 155,2 га.
2012 жылғы 01 қаңтарға шаққанда тұрғындар саны 77 109 адамды құрайды. Балқаш қаласының жер фондысы 591 591 га. тұрады.

Қала аумағында - «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өнеркәсібі бөлімшесі қаржылық- шаруашылық жұмыстары көрсеткішімен қызмет істейді. 2011 жылы «Қазақмыс» бөлімшесі товарлық өнімін өндіру көлемі 313 266 млн. теңгені құрады.

Өнімнің негізгі товарлық номенклатурасы: катодты мыс, алтын кесегі, түйіршік және кесек күміс, эмальды сым. 2011 жылы көлемі 196,4 мың тонна катодты мыс, 4 297 кг. – алтын кесегі, 435 144 кг. – күміс, 1 243- эмальды сым өндірілді.

Регион аумағында мыс кенін шығаратын төрт кеніш жұмыс істейді: Қоңырат, Саяқ-1, Саяқ-2, және Саяқ-3. Кеніш «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрамына кіреді.

Саяқ-1, Саяқ-2, және Саяқ-3 кентінің басты пайдалы компоненті мыс болып табылады. Жолшыбай молибден, алтын өндіріледі. Алқаптағы кеннің көлемдік салмағы 3,43т/м³ , жыныстар 2,84 т/м³.

Саяқ-1, Саяқ-2 (Шығыс және Батыс), және Саяқ-3 (Молдыбай) карьерлерінің жоба контурында табылған қорлар 1970 жылдан 2000 жыл аралығындағы уақытта пайдаланылды. Қорды игеру 25 жыл ішінде күнтізбелік жобаның графигінде қарастытырылған. Карьер контурының жобасынан тыс қалған қорды одан әрі ашық әдіспен өңдеудің ешқандай мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты 2001 жылы Саяқ-3 карьері арасында орналасқан терең көкжиектегі қорды тәжірибелі өңдеуге жоба құрылды. Контурдан тыс қалған қорды жер асты тәсілімен игеру осы қорды игерудің экономикалық тиімді екенін көрсетті. Сондықтан 2001 жылдан бастап кенді игеру жер асты тәсіліне көшті.

Саяқ-1 кен орны рудник өнеркәсіп ауданынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан және Саяқ темір жол станциясымен жалғасқан, кен темір жол вагондарымен Саяқ станциясына жеткізіледі.

Жұмыс істеп тұрған кен орны бойынша 2011 жылғы 01 қаңтардағы кеннің баланстық қоры:
Кен - 7745,8 мың теңге
Мыстың құрамы – 1,4%
Кендегі мыс -106,9 мың теңге
Молибден – 2123 тонна
Алтын – 10272 кг.
Күміс – 60,5 тонна

Саяқ-3 кен орны рудник өнеркәсіп ауданынан солтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан және Саяқ темір жол торабымен жалғасқан. 2011 жылғы 01 қаңтарға қор балансының құрылымы:
Кен - 3988,7 мың теңге
Мыстың құрамы – 1,08%
Кендегі мыс -42,7 мың теңге
Молибден – 220,5 тонна
Алтын – 534 кг.
Күміс – 17,9 тонна

Кенттің жылдық өндірісі мыстың 1,07% қосып алғанда 1500 мың тонна кенді құрайды. Қоңырат кен орны Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. Осы уақытта қорды игеру Жезқазған жобалау институтының жергілікті жобасымен жүргізілуде. 2000-2007 жылдары карьерді ашу жұмыстары жүргізілген жоқ. Кеннің белсенді қоры толықтай өңделді. Қазіргі кезде кенді игеру тоқтатылды. Кент 2008 жылы карьерді кезекті қалпына келтіру жұмысына кірісті. Карьердің 560-575 және 545-560м. жоғарғы кемеріне жөндеу жұмыстары басталды. 2012 жылдан бастап кентті толық қалпына келтіру жұмыстары жоспарланды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 30 жылғы мерзімге қормен қамтамасыз етілген. Қалады туристік жұмыстармен «Сәт-сапар» туристік фирмасы жұмыс істейді. 2011 жылы фирмамен 300 адамға қызмет көрсетілді. 230 жолдама 7 252 мың теңгеге сатылды.

«Сарыарқа» демалу базасында құрылған «Балқашцветмет» ӨБ, «Сарыарқа» турбазасы 1999 жылдан бастап қызмет істейді. 2008 жылы комбинатты байыту фабрикасы және турбазаның қызмет көрсету қызметкерлер құрамымен объектіні қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Базада 100 адам сиятын 20 жазғы үйлер бар. 45 адамға арналған қысқы корпустар әр жерлерде орналасқан. Қысқы демалуға 65 бірлік шаңғы бар. Балқаш көлінің жағалауында 3 дем алу зонасы бар.

Бектау –Ата мекенінде 5 балалар лагері орналасқан: «Жас қанат»БЦМ ӨБ, «Факел», «Горный», «Сарыарқа», «Солнечный» Оралбаев ЖК. «БЦМ» ӨБ емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Қаланың аумағында 12 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. (Балқаш қаласында В.И. Ленинге арналған ескерткіш, Қоңырат ауылында В.И. Ленинге арналған ескерткіш, «Балқаш осыдан басталады» монументі, соғыста қаза болғандарға ескерткіш, Кеңес Одағының Батырына кеуіт «Қаруға сену, фашистік Германия жеңісіне арналған Локомотив БГМК, Қоңырат ауылында бұрғылау станогы, Танк Т-34, саяси репрессия құрбандарына ескерткіш монумент, «Шаңырақ» стелласы, Тәуелсіздік алаңында М. Хамзинге, Ағыбай батыр ескерткіштері). Қалада 4 бильярд клубы бар. 1 боулинг залы, балалардың көңіл көтеру паркі, өлкетану музейі, «Синема» кинотеатры (400 орын), М.Хамзин атындағы мәдениет үйі (230 орыннан тұратын кинозал, 700 орыннан тұратын үлкен көрермен залы, «БЦМ» ӨБ музейі»).

Дем алу орындары мен қаланың барлық аудандарына кестеге сәйкес автобус маршруттары жұмыс істейді.

Қала аумағында қалалық балалар жастар спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейді, тұрғылықты жерлерде жеке меншік «Восток» жекпе –жек ақылы жасөспірімдер клубы; Пирамида бильярд клубы, Боулинг орталығы бар. 2011 жылдан бастап «Жекпе-жек» қалалық спорттық клуб жұмысын бастады. Желқайық спорты дамуда.

Қалада және қалаға жақын ауылдарда 17 мәдени орталық бар: 9 кітапхана, кеншілер мәдени алаңы, тарихи-өлкетану музейі, ауылдарда 3 мәдениет үйі, бос уақытты өткізетін 3 объект.

Қала аумағында тұрғылықты жердің тарихи және мәдени маңызы бар 12 ескерткіш тіркелген. Байланыс қызметін «Қазақтелеком» АҚ Балқаш қалалық телефон торабы және «Қазпочта» АҚ Балқаш қалалық почта байланыс торабы атқарады. Балқаш -1 станциясын, Саяқ ауылын «Транстелеком»АҚ және «Корпорация Қазақмыс» АҚ қамтамасыз етеді. 4 ұялы оператор жұмыс істейді- «Қазақтелеком Ақ Қазақстан GSM» , «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком Сервис»ЖШС, «Алтел»АҚ. Қалада «Қазпочта» АҚ почта байланысының 6 бөлімі бар.

Ақтоғай ауданына жақын орналасқан елді-мекендерге (Айыртас, Қошқар, Абай, Нарманбет, Орта-Дересін) почта тасымалын жасау жүйесі дұрыс жолға қойылған. Көпшілікке қолайлы интернет жүйесіне қосылатын 9 пункт жұмыс істейді.

Климаттық тұрғыдан Балқаш маңының ойпат жерлері жартылай шөлді зонаға жатады, мұнда климаттың құрғақтығы қатты білінеді. Жылда 8-9 ай бойы шуақты күндер тұрғандықтан, мұнда емделу-сауықтыру мекемелері мен туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер туындайды. Таза құм, мөлдір су және табиғи жағажай көлдің солтүстік жағалауынан орын алады және бұл жер емдік тұз бен шипалы лай бұлауының шығатын орны. Балқаштың солтүстік аумағында естен кетпейтін табиғи жерлер: Бектауата мекенінің әдемі жерлері, тораңғы терегі, Ұзын Ағаш, әртүрлі тарихи ескерткіштертер орналасқан. Балқаш көліне байланысты аңыз әңгіме бар. Балқаш байдың әдемі Іле деген қызы болады. Үлкен тойда бай жеңіске жеткен адамға қызын беремін деп жар салады. Іле қызы кедей қойшының ұлы Қараталды жақсы көреді. Жігіттер сайысында Іле Қараталдың жеңуіне көмектеседі. Балқаш бай қызын кедей адамға бергісі келмейді. Іле мен Қаратал қашып кетеді. Ашуланған бай қашқындарды қуып жете алмайды. Ол Іле мен Қараталды өзенге айналдырып, өзі соған секіріп қызын жұтады да көлге айналады. Көл содан бері бурыл көгілдір түс беріп тұрады.

Бектау-ата таулы мекені. Мыңдаған метр биіктікті алатын Бектау-ата шыңы – Солтүстік Балқаштың жазира жері. Ашық күндері оны жүздеген километр жерден көруге болады. Бектау - ата таулы сілемінің (4000 га) ауданы үлкен болмаса да, ештемеге ұқсамайтын құздар мен тікенекті шатқалдар көп. Үңгірге күндізгі жарық тереңдей түскендіктен спелологтар мұндай үңгірлерді «үңгір» немесе «хрустальды жерқойма» деген атау берген. Бұл әдемілік жағынан сирек кездесетін портал және үңгірге кіру орны тік жартастар арасында орналасқан. Осы шөлді Бектауата мекенінде е сирек кездесетін әртүрлі өсімдіктер әлемі кездеседі. Таулы үңгірлі жерлерде түтінді таулы хрусталь морионы және сирек минерал пьезокварцы бар. Мыңдаған жылдарда желдеду процестері граниттерді бұзып оларға таң ғажайып мүсіндер берді. Атаулары: «Саңырауқұлақ», «Сандық», «Тасбақа», «Үш тісті». Ең үлкен сілемнің бірі «Сарықұлжа» - сары архар мағынасын береді.

Балқаш қаласы республикалық транспорттық инфраструктураның орталығы болып табылады. Республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» тас жолы, «Алматы-Екатеринбург-Москва» темір жол торабы; Аэропорт қызмет етеді. Күнделікті Балқаш-Қарағанды авиарейсі ұшып тұрады. Автомобильді транспорт туристік секторлардың өмірлік қатынастарын реттейтін қолжетімді, қаныққан коммуникация болып табылады. 2015 жылға «Астана-Алматы» бағытында төртжолды автострада құрылысын салу жоспарлануда.

Қалада 4 жүк тасымалдау көлігі жұмыс істейді Қазіргі уақытта жолаушылар мен жүк тасымалдау 22 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 7 қала сыртына және облыс ішінде 1 қалааралық, 3 облыс арасында, 11 қала ішіндегі маршруттар такси қызметін 7 мекеме атқарады. Қалада үлкен 2 автобус паркі қалалық және қалааралық тасымалдау қызметін көрсетеді. Қалааралық жолаушы тасымалдау автобус паркі үздік өзгерістерді қабылдап, қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған машиналарды иемденіп ұзын қашықтықтарға жолаушылар тасымалдауда.