Басты бет ЖаңалықтарТуризм индустриясы комитеті 2012 жылғы 19 - 21желтоқсан күндері..

Туризм индустриясы комитеті 2012 жылғы 19 - 21желтоқсан күндері Астанақаласында гид-аудармашылар мен экскурсоводтардың үш күндік республикалық семинарын өткізеді.450864

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Туризминдустриясыкомитеті 
Баспасөз релизі 
Құрметті журналистер!Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті 2012 жылғы 19 - 21желтоқсан күндері  Астанақаласында гид-аудармашылар мен экскурсоводтардың үш күндік республикалық семинарын өткізеді.
Семинардың өткізілуі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне кең көлемді дайындықтың бастауы болмақшы. Астана, Қарағанды, Көкшетау, Щучье, Павлодар, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Шымкент, Ақтау, Семей, Өскеменқалаларының туризм және қонақ үй бизнесінің алдыңғы қатарлы мамандары, музей қызметкерлері, гид-аудармашылары мен экскурсоводтары тұңғыш рет бірге жиналатын болады.
20 желтоқсан күні  сағат 14.30 «Алматы» ғимаратында (Астана қаласы, Иманов көшесі, 19 үй, № 301конференц-зал, 3 қабат) семинар қатысушыларының бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуі болады. Кездесуде талқыланатын  басты мәселе экскуросодтарды аккредитациялау мақсатында  Туризм индустриясы комитетінің жанынан құрылатын Сараптамалық-әдістемелік кеңестің жұмыс принциптері мен тетіктері болмақшы.
Аккредитацияны енгізу барынша маңызды мәселе бола түсуде, себебі гидтер мен экскуросодтардың жоғары кәсіби деңгейі еліміздің имиджінің жоғары болуының кепілі. Қазіргі кезде жаңа тұрпаттағы мамандарды даярлау мәселесі алдымызда тұр. Туризм саласы жақсы дамыған көптеген елдерде гидтер мен аудармашылардың даярлық деңгейіне бақылау жасау міндетті болып табылады. Атап айтқанда, Ұлыбританияда  бұл сұрақпен арнайы «Blue Badge»гидтерГильдиясы айналысады. Қажетті рұқсаттама алу үшін маман туризмнысандары, география, тарих, мәдениет, этнография, экономика, саясат және әлемдік тарих туралы білім деңгейінің жоғарылығын растауы тиіс. Кәсіби дағдыға сондай-ақ: туристік топтарды басқару және алып жүру дағдыларын; қауіпсіздік шараларын;  төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет дағдыларын; туристерден шағым түскен жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдыларын білуі; ой жүйелілігі, сөз саптауы, ішкі жинақылығы, ақпаратты қарапайым тілмен бере білуі, кәсіби этика мен эстетиканы сақтауы да жатады.
Сонымен қатар,аккредитацияны енгізу туристік қызмет көрсету нарығының толыққанды қатысушысы болуға ниет білдіруші азаматтарға қосымша бюрократтық кедергілер мен шектеулер  жасамауы тиіс.

Кейін қайту
Қатенi мәтiнде кездестiрген, ерекшелеңiз ол басыңыз Ctrl + Enter